Заманауи ақпараттық технологиялардың әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында ашылған сайтта Ұлттық орталық пен оған қарасты құрылымдық мекемелер қызметі мен атқарылып жатқан іс-шаралар туралы жаңалықтар, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша электрондық кітапхана каталогы және т.б. мәліметтер орналастырылатын болады. Сондай-ақ, сайттан «Самопознание.KZ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында жарық көрген үздік материалдардың электрондық нұсқасын оқуға болады.
«Өзін-өзі тану» жобасы 2001 жылы Сара Назарбаеваның бастамасымен қолға алынған болатын. Жоба 2010 жылға дейін 9 жыл бойында арнайы экспериментальды алаңдарда оқытылғаннан кейін 2010-2011 оқу жылынан бастап білім берудің барлық деңгейлерінде базалық пән ретінде енгізілді. Осыған байланысты орталық «Өзін-өзі тану» пәні әрбір оқушыға сапалы әрі саналы түрде жеткізілуі тиіс деп санайды. "Бұл ретте www.bobek.kz сайты ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар мен басқа да азаматтар үшін пайдалы мәлімет көзі бола алады",-дейді орталықтың баспасөз қызметі.