Ош қалалық Жастар жөніндегі комитеті Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бөбектер арасында «Менин биринчи ийгилигим» девизімен жарыс ұйымдастырды.
Шамамен 100 сәби бәсекеге қатысты. Бірінші орынды 11 айлық Алихан Сатимбаев иеленсе, 2-орын 11 айлық Адиля Ниматиллаеваға, үшінші орын 10 айлық Аруузат Соотбековаға бұйырды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар алды, ал олардың ата-аналарына құрмет грамоталары тапсырылды.