Бобиржан Моминов 9 сәуірде АҚШ-та рингке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 сәуірде Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кеші өтеді, оның аясында қазақстандық Бобиржан Моминов (2-0, 2 КО) өз жекпе-жегін өткізеді.

Оның қарсыласы 22 жастағы америкалық Томас Хилл (6-1, 1 КО), 6 раундтқа есептелген жекпе-жек бірінші орта салмақта   (154 фунт - 69,9 келіге дейін)   өтеді, деп хабарлады ВКонтакте «Қазақстан кәсіби боксы» тобы.

Еске салсақ, 11 наурызда АҚШ-та Моминов екінші раундта америкалық Энтони Обербиді нокаутқа жіберді.

Өткен жылғы 19 қарашада Штатта Бобиржан кәсіби рингте жергілікті боксшы Эндро Липтонды бірінші раундта естен тандырып, жеңіске жеткен.