BoxRec.com. ақпараты бойынша, Бобыржан 27 наурызда Екатеринбургте (Ресей) өтетін бокс кешіне қатысушылардың бірі болады. Ол жартылай орта салмақтағы IBF Baltic бос чемпионы атағы үшін Украинаның жеңіліп көрмеген өкілі Эдуард Скавинскиймен (13-0, 7 КО) кездеседі. Жекпе-жектің форматы – он раунд.
Момыновтың соңғы айқасы 2020 жылдың 27 қыркүйегінде қазанда (Ресей) өткен еді. Онда ол төрешілердің көпшілік даусымен ресейлік Вагинак Тамразяннан (17-8, 5 КО) басым болып, жартылай орта салмақтағы IBF Eurasia чемпионы бос атағын жеңіп алды.
Скавинский өзінің алдыңғы жекпе-жегін 12 қыркүйекте сол Екатеринбургте өткізді – ол беларусь Дмитрий Атроховты (16-8, 7 КО) жеңген болатын.