Boeing 2 мыңға жуық қызметкерін қысқартпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемдік Boeing компаниясы биыл қаржы және кадр саласындағы 2 мыңға жуық жұмыс орнын қысқартпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВBC-ге сілтеме жасап.

Бұл қадам компанияның өнімдерді, қызметтерді және технологияларды дамытуға көп ресурс салуымен байланысты. Boeing соңғы жылдары қиындықтарға тап болды, оның ішінде 737 Max ұшағының адам шығынына әкелген апатты жағдайда қонуы да бар. Компания қызметкерлерді қысқарту бойынша ашық саясатты ұстануды жалғастыратынын ескертті және зардап шеккен қызметкерлеріне қолдау көрсетпек.

Жұмыс орындарының шамамен үштен бірі Бангалорда орналасқан Tata Consulting Services компаниясына беріледі. Boeing сонымен қатар «инженерлік өндірісті ұлғайтып» осы салада жұмыс орындарын кеңейтетінін айтты.

Фото: GETTY IMAGES