Boeing 777 апатында қаза тапқан барлық 298 адамның азаматтығы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның шығысында апатқа ұшыраған Boeing 777 қаза тапқан барлық 298 жолаушысының азаматтығы анықталды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС әуе тасымалдаушыға сілтеме жасап хабарлады.

Жаңартылған тізімге сәйкес, қаза тапқандардың 192 Нидерландының азаматы, олардың бірінің АҚШ азаматтығы да болған. Тізімде Малайзияның 44 азаматы (15 экипаж мүшесін есептегенде), 27 - Австралия азаматы, 12 - Индонезия азаматы бар. Апаттан жапа шеккендердің 10 - Ұлыбритания азаматы, олардың бірінің екінші азаматтығы ОАР болған. Көз жұмғандардың төртеуі неміс, бельгиялықтардың да саны осындай. Үш филиппиндік, Канаданың бір азаматы және Жаңа Зеландияның бір азаматы осы ұшақта болған.

Malaysia Airlines әуе компаниясының «Амстердам - Куала-Лумпур» бағытында ұшқан Boeing 777 ұшағы бейсенбі күні кешке Донецк облысында құлаған. Бортында болған 298 адамның барлығы қаза тапты.