Компания сарапшыларының есептеулері бойынша аталған мерзімде әлемге 36,77 мың жаңа ұшақ қажет болады. Сонымен бірге осы көлемде ұшақтардың 70 пайызы жалпақфюзеляжды болмақ.
Boeing болжамына қарағанда, Қытай тарапынан сұраныс 40 пайыз деңгейінде қалыптаспақ, яғни 13,46 мың әуе кемесін қамтымақ. Бұл әуе кемелері әлемдік нарықтың Азия-Тынық мұхиты сегментіне қажет болады.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, осы өңірдің авианарығы қалғандарына қарағанда сатылымдардың ауқымды көрсеткішін байқатпақ.
Бұдан кейінгі орында Солтүстік Американың азаматтық авиациясының нарығы жайғасады деп жоспарланып отыр. Осы өңірде сұраныс 7,55 мың жаңа ұшақты қамтиды.