Апатқа ұшыраған ұшақ бортында болған мамандар тобы Мельбурндағы СПИД-ке (IAS) қарсы күрес қоғамдастығының халықаралық конференциясына бара жатқан. Конференцияның басталуы 20 шілдеге жоспарланған. Оның қонақтарының қатарында АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтон болған.
IAS хабарлағандай, қаза тапқан ғалымдардың ішінде ұйымның бұрынғы төрағасы голландиялық Йуп Ланге (Joep Lange) болған. «Взгляд» БҰҰ штаб-пәтеріндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлағандай, Boeing апатында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) ресми өкілі Гленн Томас көз жұмды. Ол да IAS конференциясына бет алған. Ақпарат көзі қаза тапқандардың ішінде БДСҰ-ның өзге өкілдері болуы мүмкін екенін айтуда.
Айта кетейік, бейсенбі күні Украинаның шығысында малайзиялық Boeing 777 ұшағының апатқа ұшырағаны белгілі болды. Ол Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшқан. Ұшақ бортында 298 адам болды.