Boeing авиақұрылыс концерні Қытаймен 38 млрд долларға келісімшарт жасасты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boeing авиақұрылыс концерні қытайлық фирмалармен 300 ұшаққа жалпы сомасы 38 млрд долларды құрайтын келісімшарт жасасты.

Келіссөздердің табысты аяқталғандығы жайлы компанияның Сиэтлидегі зауытына Қытай көшбасшысы Си Цзипиннің сапары алдында жария етілді, деп хабарлайды Би-би-си.

240 ұшақты қытай авиакомпаниялары сатып алатын болады, ал 60-ы екі лизинг фирмасына тиесілі.

Сондай-ақ Boeing Қытайда өзінің құрастыру зауытын салуға келісті.