«Біз 4 миллиардтан да төмен бағаға әзірлеуге дайынбыз», - деген Boeing басшысының сөзін келтірді агенттік. Журналистер оған Трамптың көңілі толмаған ұшақ жобасының сомасы талқыланды ма деген сауал қойған болатын.
Бұған дейін Трамп жаңа ұшақтар жөніндегі келісімшарттың құны 4 миллиард доллар екенін мәлімдеп, келісімшартты бұзамын деп қорқытқан еді. Қазір АҚШ президенті 30 жыл бұрын алынған екі Boeing 747-200B ұшағын пайдаланады. Ал жаңа ұшақтар 2023-2024 жылдарға жоспарланған.