Boeing компаниясына механиктердің ереуілінен 1 млрд доллар шығын келді

Фото: Фото: depositphotos.com/ wolterke

АСТАНА. KAZINFORM – Boeing зауыты механиктердің ереуілінен компания айына шамамен 1 млрд доллар шығынға ұшырады. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап Kazinform тілшісі хабарлайды.

Boeing Co. қызметкерлері компания басшылығының халықаралық машинистер және аэроғарыш саласы жұмысшылары қауымдастығы көшбасшыларымен қол жеткізген келісіміне қарсы дауыс берді. Енді ұшақ жасау концерн кәсіпорындарында 13 қыркүйекте басталған ереуіл қайта жалғасады. Жалпы 737, 767 және 777 ұшақтарын шығарылатын Boeing зауытында механиктердің ереуілінен компания айына шамамен 1 млрд доллар шығынға ұшырады.

Еске сала кетсек, шілде-қыркүйек айларында компанияның таза шығыны 6,174 млрд долларды, немесе бір акцияға 9,97 долларды құрады (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 1,638 млрд доллар, немесе бір акцияға 2,7 доллар).

Boeing акциялары биылғы жылдың басынан бері 40% дерлік арзандаған.