Ұшақ Санкт-Петербордан Кубань астанасына жол тартып бара жатқан еді. «Алдын ала мәлімет бойынша, апатты жағдайдың орын алуына гидрожүйенің істен шығуы себепкер болған. Ұшақ қосымша қону алаңына қонды», - деп хабарлады журналистерге компания өкілі. Ұшақ ішінде ол кезде 90 жолаушы болыпты.
15:17, 11 Желтоқсан 2010
«Боинг-737» Краснодар әуежайына апатты жағдайда қонды
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Боинг-737» Краснодар әуежайына апатты жағдайда қонды. Төтенше оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы компания өкіліне сілтеме жасаған Утро. Ру хабарлайды.