«Боинг 737» ұша алмады

Фото: None
АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Красноярскіде генератордың ақаулығынан «Боинг 737» ұша алмады, ол Мәскеуге аттануы керек болатын.


Ұшақ бортында экипаждың 7 мүшесі және 101 жолаушы болған.

 Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Әуе    тасымалдаушы  басқа әуе   кемесін ұсынды және жолаушылар Ресей астанасына ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.