«Адамдардың мүрделері далада шашылып жатыр әрі үстілері жабылмаған. Адамның дене мүшелері Грабоводан 8 шақырым жердегі көршілес Рассыпная елді мекеніне де құлаған. Рассыпная ауылы тұрғындарының айтуынша, мүрделер бақшаларына, үйлерінің үстіне түскен», - делінген ақпаратта.
Айта кетерлігі, төтенше жағдайлар қызметі таратқан соңғы ақпаратқа қарағанда, ұшақ апатқа ұшыраған жерден 190-нан астам жолаушының мүрдесі табылды. Ал ұшақ бортында 298 жолаушы болған еді.