«Боко Харам» 2014 жылы Нигерияда 500-ге жуық әйел мен баланы ұрлап әкеткен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың қараша айында «Боко Харам» радикалдық тобының содырлары Нигерияның солтүстік-шығысындағы Дамасак қаласынан 200-ге жуық әйел мен 300 баланы ұрлап әкетті, бірақ ел билігі ірі ұрлық туралы хабарламаны елеген жоқ, деп хабарлайды Human Rights Watch, сондай-ақ жерлігікті билікке, көсемдер мен тұрғындарға сілтемемен РИА Новости агенттігі.

Осы уақытқа дейін Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатындағы Чибокада 270-тен астам оқушы қыздың ұрлануы ең сорақы оқиға болып саналған. 2014 жылдың сәуір айында оларды «Боко Харамның» содырлары алып кетті, топ басшысы қыздарды қамауға алған барлық содырларға ауыстыруды ұсынған, бірақ ел үкіметі одан бас тартты. Кейіннен қыз балалардың бір бөлігін босату мүмкін болды.

Агенттіктің әңгімелесушісі «Боко Харамның» шабуылы кезінде жүздеген адам аймақты көршілес Нигерден бөліп жатқан өзеннен өтпек болып, суға батып кеткен. Ол «қаза тапқан 200-ден астам адамды бауырластар қабірінде» жерлеуге мәжбүр болғанын айтты. Жергілікті көсем 200-ге жуық адам содырлар бірінші шабуылы кезінде өлтіргенін айтып берді.