«Боко харам» 40 баланы тұтқынға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Боко харам» қылмыстық тобы Нигерияның солтүстігінде елді мекенге шабуыл жасап, 40 баланы тұтқынға алды, деп хабарлайды Би-би-си.

Шабуыл Борно штатында болған.

"Боко харам" соңғы 5 жыл бойы елдің солтүстік-шығысында ислам мемлекетін құру үшін күрес жүргізіп келеді.

Тек өткен жылдың өзінде олардың қолынан 2000 адам қаза тапты.