«Ислам мемлекеті» алдыңғысына қарағанда анағұрлым қуатты қарулы топ саналады. Олар өздерін жиһад жолындағы сарбаздар санайды, Ирак және Сирия елдерінің белгілі аумағында өз ықпалын жүргізеді.
«Боко харамның» твиттердегі парақшасында осы топтың басшысы Абубукар Шекаудың дауысына ұқсайтын аудиожазба жарияланған. Онда басшы екі топтың күші біріккендігін айтады.