БОКС: 11 қазақстандық боксшы халықаралық турнирдің финалына жолдама алды
Шаршы алаңға алғаш болып шыққан Біржан Жақыпов (49 кг) ресейлік Расул Салиевтен 3:0 есебімен басым түсті. Жомарт Ержан өзбек спортшысы Хасанбай Дусматовтан жеңіліп қалды (2:1). Енді алтын үшін бәсекеде Жақыпов пен Дусматов бақ сынасады.
Ілияс Сүлейменов (52 кг) филлипиндік Рэй Салудардан жеңілді (2:1), ол финалда өзбекстандық Шахобиддин Зоировпен жұдырықтасады.
Қайрат Ерәлиев (56 кг) ресейлік Зинат Жандыбаевты жеңді (3:0), ол финалда Жанболат Тілегенұлымен бақ сынасады.
ҚР чемпионы Алмасбек Әлібековтің жұдырықтасуы (64 кг) тайлық Вуттичай Масукудан кемшін түсті (2:1). Финалда Вуттичай кубалық Луис Оливе Генераға қарсы шығады.
ҚР ұлттық құрамасының капитаны, әлем чемпионы Данияр Елеусінов (69 кг) өзбек Исраил Мадримовты жеңсе, Сағадат Рахманқұлов 3:0 нәтижесімен Ариснодиус Диспейннен басым түсті (Куба).
Жәнібек Әлімханулы (75 кг) кубалық Лопез Кардонды жеңді (3:0), енді ол финалда алтын үшін украиндық Дмитрий Митрофановпен жұдырықтасады.
Әділбек Ниязымбетов (81 кг) те кубалық Эммануэль Рейес Платадан басымдылығын байқатты, есеп - 3:0. Ақтық сында ол Дәурен Елеусіновпен сына түседі (2:1). Аса ауыр салмақ дәрежесі бойынша алғашқы финалист Иван Дычко болды, ол Нұржан Бекзатовты жеңіп шықты - 3:0. Енді ол кубалық Иоранди Тоирак Ортегамен кездеседі.