Бокс-2025 әлем чемпионаты: Қазақстан боксшыларының жекпе-жектерін қайдан көруге болады
АСТАНА. KAZINFORM — Бастап Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы аясындағы 2025 жылғы әлем чемпионатында бүгін төрт қазақстандық боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан атынан ерлер арасында Бейбарыс Жексен (60 кг) мен Төрехан Сабырхан (70 кг), әйелдер арасында Виктория Графеева (60 кг) және Надежда Рябец (75 кг) өнер көрсетеді.
Олардың жекпе-жектерін «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Жекпе-жек кестесі:
Күндізгі сессия (Астана уақытымен 15:00):
10-жұп (ринг B). Ерлер. 70 кг. 1/16 финал. Төрехан Сабырхан — Юсеф Ислам Яиш (Алжир).
Кешкі сессия (22:00):
7-жұп (ринг А). Әйелдер. 60 кг. 1/16 финал. Виктория Графеева — Доньета Садику (Косово).
9-жұп (ринг А). Әйелдер. 75 кг. 1/16 финал. Надежда Рябец — Лина Ван (Қытай).
13-жұп (ринг А). Ерлер. 60 кг. 1/16 финал. Бейбарыс Жексен — Джунмилардо Огайре (Филиппин).
Еске сала кетейік, World Boxing ұйымының бастамасымен өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан Элина Базарова жарысты аяқтаған болатын.