Жекпе-жек Мәскеуде 25 қазанға қараған түні өтті. Тоғызыншы раундтың соңында Поветкин Такамды оң қапталынан есеңгірете соғып, құлатты. Дегенмен ол орнынан тұрып, кездесуді жалғастыра алды. Бірақ оныншы раундта ресейлік бірнеше рет жойқын соққы жасап, камерундықты сұлатып салды.
Бұл Поветкиннің кәсіби спорттық жолындағы 28-інші жеңісі (оның ішінде 20-сы нокауд). Тек украиндық Владимир Кличко ғана оны тізе бүктірген.