81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділбек 1/2 финалға шығу үшін үнді боксшысы Сумит Сангванмен кім мықтыны анықтаған.
Кездесу қорытындысында қазақстандық спортшының мерейі үстем болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін жартылай финал жолдамасына Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Иван Дычко (91 кг) ие болған еді.