Бокс: Ақтөбеде халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бауыржан Ақшолақовты еске алуға арналған турнир өтті
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Маңғыстау облыстық бокс федерациясының баспасөз қызметінен.
11-ші рет ұйымдастырылған халықаралық турнирге барлығы 76 боксшы қатысып бақтарын сынады. Бұл жарыста Маңғыстау облысынан жеті боксшы өңір беделі үшін аянбай тер төкті. Нәтижесінде 51 келі салмақ дәрежесі бойынша спорт шеберлігінен үміткер болып саналатын Әли Байбозов жеңімпаз атанды. Ж.Исанов, С.Көреғұлов, Е.Оразбаев секілді боксшылар да сәтті өнер көрсетсе, Қуаныш Төлегенов (64 келі) және Рахымжан Түгелбаев (69 келі) 3-ші орындарға қол жеткізді. Бұл турнирде бокс жанашырлары үшін жағымды жаңалық болған Әлем және Азия біріншілігінің жеңімпазы, ақтөбелік Ердос Жаңабергеновтың былғары қолғапты қайта киюі болды. 91 келіден жоғары салмақта шаршы алаңға шыққан Ердос турнирдің жеңімпазы атанып, өзінің бабында екендігін көрсетті. Қазір олар қарашаның 25-29-ы аралығында Ақтау қаласында өтетін Шоқыр Бөлтекұлы атындағы IV-халықаралық турнирге қатысуға қызу кірісіп кетті.