БОКС: Александр Поветкин тағы да бағын сынап көрмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша супер ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы 34 жастағы ресейлік боксшы Александр Поветкин Мәскеуде 7 маусымда шаршы алаңға оралады, деп жазады Vesti.kz.

Ол өзінің соңғы жекпе-жегін 2013 жылғы 5 қазанда өткізіп, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы украиндық Владимир Кличкоға есе жіберген болатын. Ресейлік спортшы үшін бұл кәсіпқой бокс мансабындағы бірінші ұтылыс еді.

Алдын ала мәліметтер бойынша Александр Поветкиннің келесі жекпе-жегі Мәскеуде 7 маусымда өтеді.

Ресейлік спортшының қарсыласы жақын арада белгілі болмақ.