деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Sports.kz сайтының мәліметінше, әзірге Олжас Сәттібаев (51), Қанат Әбутәліпов (54), Рүстем Сыбаев (64), Серік Сәпиев (69) және Иван Дычко ( 91 келі) әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсетуде.
Ал, Әділет Қапезов (48), Ержан Мұсафинов (57), Ғани Жайлауов (60), Азамат Белгібаев (75), Данияр Үстембаев (81) және Василий Левиттердің (91 келі) Миланда жолдары болмады.
Бүгін шаршы алаңда Қанат Әбутәліпов венгриялық Кристиан Лакоташпен, Иван Дычко ресейлік Денис Сергеевпен, ал Серік Сәпиев украиналық Тарас Шелестюкпен қолғап түйістіреді. Ал, ертең Рүстем Сыбаев түркиялық Онур Сипаломен, Олжас Сәттібаев та түрік боксшысы Ирдар Инанлимен кездеседі. Бұл боксшыларымыздың әрқайсысы екі жекпе-жекте жеңіске жетті.