Бокс: Әлем чемпионы Майорга шаршы алаңға қайта оралмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби боксшылар арасында екі салмақ санатындағы әлем чемпионы никарагуалық Рикардо Майорга америкалық Рауль Муньоспен жекпе-жекке шығуды жоспарлауда.

Бұл туралы Майорга Boxingscene.com. сайтында хабарлады.

Майорганың айтуынша, оның шаршы алаңға қайтып оралуы 21 ақпанда 72, 6 келіге дейінгі салмақ санатындағы айқаста күтіледі. Ал америкалықтың есебінде 22 жеңіс (16 нокаут), 16 жеңіліс, 1 рет тең ойын бар. Ол соңғы айқаста ойсырай жеңіліп, 2012 жылғы қазаннан бастап шаршы алаңға шыққан жоқ.

Майорга болса 2011 жылғы наурыздан бастап шаршы алаңда көрінбеген, соңғы алты айқастың тек үшеуінде ғана жеңіске жетті. Оның барлық ойын тізімінде 29 жеңіс (23 нокаут), 8 жеңіліс, 1 тең ойын бар.