Бокс әлемiнде аяқтың шеберлiгi жағынан Головкиннен асқан боксшы жоқ - Ф.Роуч

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жыл бапкерi» атағының алты дүркiн иегерi Фредди Роуч HBO Boxing телеарнасына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жайында өз пiкiрiмен бөлiстi.

«Мен оны бiр рет қана көрдiм. Бiрақ бокс әлемiнде аяқтың шеберлiгi жағынан Головкиннен асқан боксшы жоқ екендiгiн нық сенiммен айта аламын. Ол шаршы алаңда 90 пайыз жағдайда өзiне ыңғайлы позицияларда тұрады, егер боксшы ондай шеберлiкке ие болса, жекпе-жектердiң 90 пайызын жеңедi. Оның осыншама биiкке көтерiлуi содан. Менiң ойымша, оған бұдан да танымал боксшылармен кездесуi керек, сонда ол Америкаға әйгiлi болады. Менiңше, ол көп ұзамай жұлдызға айналады», - дедi Ф.Роуч.