Германияның атынан кәсіби рингке шыққан Роккиджаниді Италияда таңертеңгі серуен кезінде көлік қағып, мерт қылған.
Грациано өз мансабында 48 жекпе-жек өткізіп, 41 рет жеңіске жеткен (соның ішінде 19-ы нокаутпен). Роккиджани 2003 жылдың мамырында неміс боксшысы Томас Ульрихтан жеңілгеннен кейін спорттық жолын аяқтап, бапкерлік жұмыспен айналысатынын мәлімдеген еді.