Бокс: Әли Ахмедов АҚШ-та титулдық айқас өткізеді
16:21, 19 Қазан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың келесі жекпе-жегінің қайда және қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Ахмедов жастар арасындағы жартылай ауыр салмақта өзінің WBC титулын қорғайтын болады. 22 жастағы қазақстандық боксшы америкалық кіші Роберто Силвамен жекпе-жекке шығады.
Айқас 8 желтоқсанда Round Rock Sports Center-де (АҚШ, Техас) өтеді. Сондай-ақ тағы бір отандық боксшы Искандер Харсан америкалық Давид Альфаромен бақ сынамақ.
Еске салайық, 9 қыркүйек күні Астанада өткен бокс кешінде Ахмедов сегізінші раундта техникалық нокаутпен америкалық Джастин Томасты жеңген еді.