Немістің Магдебург қаласында өткен 12 раундтық титулды жекпе-жекте ол ұпай саны бойынша отандасы Роберт Штиглицті жеңді.
Кездесу қорытындысы бойынша төрешілердің біреуі жеңісті Штиглицке берсе, қалған екеуі Абрахамның біліктілігін жоғары бағалады.
Боксшылар осымен үшінші рет қолғап түйістірді. 2012 жылғы тамызда Абрахам ұпай саны бойынша қарсыласынан титулды тартып алса, былтырғы наурызда Штиглиц 4 раудта техникалық нокаутпен есесін қайтарған еді.
Спорттық мансабында Абрахам 39 мәрте (28-і нокаут) жеңіске жетіп, 4 рет ұтылды, ал Штиглиц 46 рет (26-сы нокаут) жеңіс тұғырынан көрінсе, 4 мәрте жеңіліс тапты.