Алғашқы жекпе-жекте Теміртас Жүсіпов (49 келі) Расул Салиевті сүріндірсе (3:0 - 49:46, 49:46, 50:45), Нұрсұлтан Көшеғұлов (56 келі) Магомед Гурбановқа есе жіберді - 0:3 (46:49, 45:49, 46:49). Асхат Уәлиханов та Гайбатулла Гаджиалиевке қарсылық көрсете алмады - 0:3 (47:48, 46:49, 45:50). Ал Василий Левит (91 келі) Рахиль Маммадлиді техникалық нокаутпен ұтса, Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) Джабе Хоситашвилиге еш мүмкіндік қалдырмады - 3:0 (49:46, 48:47, 49:46). "Astana Arlans" енді Қарағандыда 8 ақпан күні сағат 18:00-де АҚШ-тың "USA Knockouts" клубын қабылдайды, деп хабарлайды 24.kz.