БОКС: «Астана арландары»-«Рашн Боксин Тим»: 5:0
Кездесу барынша тартысты өтті. Виталий барын салды. Бастапқы екі раундта ол басымдығын танытты. Үшінші раундта да бар күшін аямады. Осы кезеңде қазақстандық қарсыласын шынтағымен қағып жіберген ресейлік ринг төрешісінен ескерту алған еді. Дәл осындай келеңсіз жайт төртінші раундта тағы қайталанды. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті Қазақстан боксшысына берді.
Айта кетейік, екі команда арасындағы қалған 5 жұп салмақ санатындағы боксшылардың жекпе-жегі ертең елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. Сол күні шаршы алаңда Олжас Сәттібаев пен Карен Арутюнян (52 келі), Закир Сафиуллин мен Артур Субханкулов (60 келі), Нұрдәулет Жарманов пен Эдуард Якушев (81 келі), Еркін Мұхамеджан мен Дмитрий Зайцев (91 келіден жоғары) айқасатын болады. Ал 69 келі салмақ санатында ел намысын Асланбек Шымбергенов қорғап, ресейлік Якуб Нуриевпен жұдырық түйістіруі тиіс еді. Бірақ жаттықтырушылар оның орнына Данияр Елеусіновті шығару туралы шешім қабылдады.