БОКС: «Астана Арланс» клубы «Куба Домадореспен» жолдастық кездесу өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін «Астана Арланс» клубы кубалық «Куба Домадореспен» жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы команданың ресми сайтында хабарланды.

WSB-ның 3-ші және 4-ші кезеңдерінің чемпиондары арасындағы матч 9-10 қыркүйек күндері Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Қос кеште де командалар бес бестен жекпе-жектер өткізеді.

«WSB-ның екі алыбы арасындағы кездесуі туралы ақпаратты бүкіл әлемдік қауымдастық жақсы қарсы алды. Біз осындай оқиғаны ұйымдастыруға атсалысқан екі командамен де мақтанамыз», - дейді WSB басшысы Карим Боузиди.