БОКС:«Astana Arlans» пен «Argentina Condors» арасындағы алғашқы жекпе-жекте қазақстандық жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Азамат Исақұлов «Astana Arlans»-ты алға шығарды деп жазады Sports.kz.

«Astana Arlans» пен «Argentina Condors» арасындағы алғашқы жекпе-жекте 52 келі салмақ дәрежесіндегі Азамат Исақұлов пен Рикардо Ибарра қолғап түйістірді. Қазақстандық боксшы едәуір басымдықпен жеңіске жетті - 3:0 (50:44, 50:44, 50:44).