БОКС: «Astana Arlans» пен «Uzbek Tigers» командалары Өскемендегі кездесуге қатысатын құрамдарын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Arlans» пен «Uzbek Tigers» командалары Бүкіләлемдік бокс сериясы чемпионаты (WSB) аясында Өскеменде 2 сәуірде болатын матчқа қатысатын өз құрамдарын жариялады.

52 кг: Азат Махметов VS Аброрджон Кадыров

60 кг: Закир Сафиуллин VS Эльнур Абдураимов

69 кг: Асланбек Шымбергенов VS Махмуд Гаипов

81 кг: Арман Рысбек VS Шухрат Абдуллаев

91 кг: Камшыбек Күнқабаев VS Мирзохиджон Абдуллаев

Еске сала кетсек, бұдан бұрын «арландар» бапкері Нұрлан Ақүрпеков Ташкенттегі кездесудің қарымтасын қайтаруға уәде берген болатын. 27 ақпанда өткен матч 4:1 есебімен өзбек командасының пайдасына шешілген еді.

Бокс кеші сағат 17:00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.