БОКС: «Астана Арланс» WSB финалында Куба командасына қарсы шығады
19:46, 24 Мамыр 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бүкiләлемдiк бокс сериясы (WSB) аясындағы жартылай финалдық кездесудiң екiншi күнiнде «Астана Арланс» Ресей құрамасын 4:1 есебiмен ойсырата жеңдi. Закир Сафиуллин Артур Субханқұловты жеңсе, Олжас Сәттiбаев Карен Арутюняннан, Данияр Елеусiнов Якуб Нуриевтен айласын асырған.
Ал Нұрдәулет Жарманов Эдуард Якушевтен жеңiлдi. Аса ауыр салмақта WSB турнирiнде алғаш рет шыққан Иван Дычко қарсыласы Максим Бабаниндi екiншi раундта техникалық нокаутпен жарыс жолынан ығыстырды.
Еске сала кетейiк, жартылай финалдың бiрiншi күнiнде қазақ боксшылары ресейлiктердi 5:0 есебiмен тiзе бүктiрген едi. Осылайша, жартылай финалда 9:1 есебiмен "Астана Арланс" командасының мерейi үстем болды.
Финалда қазақстандық команда осы маусымда жеңiлiс көрмеген "Куба Домадорес" клубының боксшыларымен қолғап түйiстiредi.