Бокс: Астанада спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды

Фото: Бокс федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 8-10 сәуір аралығында өтетін спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды. 

ҚР Бокс федерациясы мәлім еткендей, ерлер арасындағы 63,5 келіде бес боксшы сынға түседі. Олар - Ертуған Зейнуллинов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов және Жандос Қыдырәлиев.

Жеребе қорытындысы:

Дулат Бекбауов - Серік Теміржанов

Ертуған Зейнуллинов - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

Жандос Қыдырәлиев жарысты екінші айналымнан бастайды. 

Айта кетелік, Бекбауов 67 келіде, Теміржанов 57 келіде әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері атанған. 

Қыздар арасындағы жеребе нәтижесі: 

50 келі: 

Алуа Балқыбекова - Назым Қызайбай

54 келі:

Балауса Мұздыман -Жайна Шекербекова

Элина Базарова - Ұлжан Сәрсенбек

Дина Жоламан - Сымбат Әлиасқар

Сания Сұлтанқызы - Анель Сақыш

66 келі: 

Дариға Шәкімова - Наталья Богданова

Милана Сафронова - Богданова/Шәкімова жұбының жеңімпазы

Лаура Есенкелді - Жасмин Қизатова

75 келі: 

Жібек Жарасқызы - Гүлсая Ержан

Валентина Хальзова - Ержан/Жарасқызы жұбының жеңімпазы.