Бүгін қарсыластар кездесу алдында салмақтарын өлшеп, журналистерге сұхбат берді. Бірінші болып сөз алған Робсон Консейсао жеңіске жететініне шүбә келтірмеді. Берік Әбдірахманов болса сабырлық танытып, бәрі шаршы алаңда белгілі болатындығын айтып қысқа қайырды.
Айта кетейік, жерлесіміз бұған дейінгі 2 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған болатын. Бұл жолы да 3 жұп өзара мықтыны анықтап көрмек. Ал жеңімпаз 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама алады.