31 жастағы Жақыпов AIBA Pro Boxing олимпиада турнирі желісі бойынша өткен жекпе-жекте эквадорлық Карлос Эдуардо Куипо Пилатаксиден басып түсіп, Ойындарға қатысу құқығына ие болды.
Турнир чемпионының белбеуі сарапқа салынатын жарыс финалында қазақстандық қытайлық боксшы титул иегері Лю Бинмен кездеседі. Олар бұдан бұрын да күш сынасып көрген. Онда Аспан асты елі спортшысының мерейі үстем болған еді.
Еске сала кетсек, ақтық сын 11-12 қыркүйекке белгіленіп отыр.