Бокс: Бүгін WSB сериясының жеңімпазы анықталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана Арландары» кубалық «Куба домодореске» қарсы соңғы финалдық жекпе-жектер өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, осы күндері Қытайдың Сямын қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық кезеңі өтуде. Онда «Астана Арландарының» қарсыластары - кубалық команда. Өкінішке қарай, ақтық сындағы алғашқы матчта қазақстандық 5 боксшы жеңіске жете алмады.

Атап айтқанда, жекпе-жектер 49 келі салмақта Теміртас Жүсіпов - Дамиан Арсе Дуарте (1:0), 56 келіде Ілияс Сүлейменов -Освель Давид Гарсия (1:1), 64 келіде Ділмұрат Мәжитов - Энди Крус (1:2), 75 келіде Әбілхан Аманқұл - Ослейс Иглесиас Эстрада (2:2) және 91 келіде Нұрбол Әлтаев  - Эрисландо Савон (2:3) жұптары арасында өтті. 

Финалдағы екінші әрі шешуші кездесу 28 қыркүйек күні өтеді. Бүгін рингке «арландардың» тағы 5 боксшысы шығады. Олар - Сәкен Бибосынов (52 кг), Закир Сафиуллин (60 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Бек Нұрмағанбет (81 кг), Қамшыбек Құнқабаев ( 91 кг). Ұпайлар тең түскен жағдайда қарсыласымен қосымша айқасты Бекдәулет Ибрагимов (64 кг) өткізеді.