«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметінше, кеше Ғани Жайлауов жартылай финалда қарсыласын жеңіп, шешуші айқасқа шықты. Ал 75 келідегі Данабек Сужанов қола медальға ие болды. Ал түн ауа Серік Сәпиев шаршы алаң иесі Патрик Воджискиді үтып (11:6), финалға шықты. Серіктің ендігі қарсыласы тағы бір неміс боксшысы Араик Маритжан. 81 келіде Әділбек Ниязымбетов, өкінішке орай, ресейлік Егор Мехотцевке есе жіберді - 11:17. Әділбектің қоржынында қола жүлде.
Естеріңізге сала кетейік, Ғани Жайлауов финалда бразилиялық Робсен Госейкаомен күш сынасады. Бұл дүбірлі доданың финалына екі қазақ боксшысынан бөлек, 5 орыс, 4 неміс, 3 бразил, 2 өзбек, 2 қытай, 1 моңғол, 1 ирландиялық былғары қолғап шеберлері шықты.