БОКС: Даир Жайлауов кәсіби рингтегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
03:49, 02 Желтоқсан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кемптон Паркте (ОАР) қазақстандық былғары қолғап шебері Даир Жайлауов кәсіби рингтегі алғашқы кездесуін өткізіп, жеңіске жетті.
Бұл туралы Қазақстан боксының ВКонтактедегі парақшасында жарияланды.
Бірінші орта салмақта (63,5 кг дейін) өткен кездесуде жерлесіміз ұпай саны бойынша жеңіске жетті, оның қарсыласы Алохи Диби болды.