Мадияр Жанұзақтың салмағы 51,72 кг көрсетсе, қарсыласы Құрбан-Әли Бобокалоновте - 51,78 кг.
Дәулет Дәукенов - 64,45 кг, ал қарсыласы Ахметбек Абдуллаев - 62,35 кг.
Айта кетейік, Дәукенов пен Жанұзақ қазақстандық «Alban Promotion» промоутерлік компаниясының атынан шығады.
Боксшылардың айқасы 7 шілде күні Ресейдің Екатеринбург қаласында өтеді. Кештің ұйымдастырушылары - Герман Титовтың промоутерлік компаниясы «RCC Boxing Promotions».