БОКС: Дәурен Елеусіновтің келесі қарсыласы бір айдан соң белгілі болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 ақпан күні қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді. Ол қарсыласы Бернард Томасты бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Отандық журналистерге берген сұхбатында қазақстандық боксшы келесі жеке-жегі қашан және қарсыласы кім болатынын нақты айтпады. Тек бір айдан соң белгілі болатынын мәлімдеді, деп жазады sports.kz.