АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс ассоциациясының басшылығы украиналық Владимир Кличко мен ресейлік Александр Поветкиннің суперауыр салмақта әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегін 2013 жылдың 27 ақпанынан кешіктірмей өткізуді міндеттеді. Мұндай шешім Индонезия астанасы Джакартадағы Ұйым конгресінде қабылданды.
33 жастағы ресейліктің промоутерлері 36 жастағы Владимир Кличкомен айқасты ұйымдастыруға құлшынып отыр.
Жекпе-жек соңында тағы басқа екі абыройлы нұсқа - Кличко иеленіп үлгерген Халықаралық бокс федерациясы және Дүниежүзілік бокс ұйымы бойынша титулдардың иесі анықталады.