БОКС: Еліміздің төрт қаласында «ҚФБ-2015» Кубогы үшін жекпе-жектер өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20-23 тамыз аралығында Қазақстанның екі қаласында (Атырау, Талдықорған) Қазақстан бокс федерациясы Кубогының ширек финалдық жарысы өтеді.

Екі ширек финал 27-30 тамызда Ақтау мен Астанада өтеді, деп хабарлады аталмыш федерациядан. Толықтай топ құрамы мынадай: А тобы - Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы. В тобы - Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары және Алматы. С тобы - Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Алматы облысы. D тобы - Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы және Астана. А тобындағы жарыс Атырау (20-23 тамыз), В тобындағы жарыс - Ақтау (27-30 тамыз), С тобындағы жарыс - Талдықорған (20-23 тамыз), D тобындағы жарыс - Астана (27-30 тамыз) қалаларында өтеді. Әр 16 командада 20 спортшыдан бар (10 - негізгі құрам, 10 - резерв). Екі команданың әр кездесуі әр салмақ санатында бір-бірден - 10 жарыстан тұрады. Кубоктың жартылай финалы мен финалы 14 және 15 желтоқсанда өтеді. Бокс федерациясының кубогы - Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен құрылған республикалық жарыс. Өткен маусымдарда Кубок иегерлері Астана (2010, 2013), Қарағанды (2011), Маңғыстау (2012) және Жамбыл (2014) командалары атанды.