Бокс: Ертең - Олимпиадалық іріктеу сынының жартылай финалы
13:30, 10 Сәуір 2012
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Бокстан Астана төрінде өтіп жатқан олимпиадалық іріктеу сынының жартылай финалы ертең өтеді.
Бүгін - демалыс. Осы тұста «Аламан» порталы назарларыңызға кіші құрлықтық сынның әр салмақтағы төрт үздігін назарларыңызға ұсынбақ. Айта кетейік, жартылай финалға 15 елден 28 боксшы шықты. Оның бесеуі - үндіс, қазақ пен жапонда төрт боксшы. Ал Қытай, Сирия, Тәжікстан, Сириядан үш боксшы, Ирак, Түркіменстан, Моңғолияда екі боксшы қалды. Иордания, Корея, КХДР, Филиппинда бір боксшыдан бар.