Vesti.kz-тің хабарлауынша, бұл жайында босшысы өзінің Твиттердегі парақшасында хабарлаған. Бұл сомаға жекпе-жекке тігілген 32 млн. доллар мен PPV-тің 38 млн. доллары кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, Ф.Мейвезер соңғы кездесуінде М.Майданадан басым, түсіп, жартылай орта салмақтағы WBC пен WBA атақтарын иеленіп отыр. Бұл шаршы алаңдағы шайқас 4 мамыр күні Лас Вегастағы MGM Grand аренасында өткен болатын. Босшылар 12 раунд бойы шаршы алаңда шайқасып, төрешілердің шешімімен американдық жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, осы жекпе-жектен кейінгі қарбалас сәтте жарақат алған 20-дан астам адам ауруханаға жеткізілген еді.