Айқас Испаниядағы Сан-Полода ашық аспан астындағы рингте өтті, деп жазады sports.kz.
21 жастағы боксшы Фируза Шарипова тәжірибелі итальяндық спортшы Анжела Канецаромен (5-4-0, 1 КО) кездесті.
Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша Фируза Шарипова әлемдегі әйелдер боксының алғашқы промоутерлік компаниясының қамқорлығымен өткізген жекпе-жегін табысты бастады.
Атап өткен жөн, Фируза Шарипованы бұл айқасқа дайындықты Мәскеуде олимпиада чемпионы Вячеслав Яновскийдің бокс базасы залында өткізді.
Оның менеджері - әлемдегі әйелдер боксының алғашқы промоутерлік компаниясының бас продюсері Сергей Завилейский.