Бұл туралы Vesti.kz . жазды.
Еске сала кетейік, 30 маусым күні Астана уақыты бойынша таңғы сағат 09:00-де Головкин мен Маклин Машантукете қаласындағы (АҚШ, Коннектикут штаты) Foxwoods Resort Casino аренасының шаршы алаңында қолғап түйістіреді. Бұл Boxing After Dark сериясының шеңберінде HBO арнасындағы маңызды шараға айналмақ. Жекпе-жекті «Қазақстан» ұлттық арнасы да тікелей эфир арқылы көрсетеді.