Биылғы жылдың қорытындысы бойынша, «Жылдың үздік боксшысы» деп ресейлік боксшы Сергей Ковалев танылды. Sports Illustrated Ковалев пен Хопкинстің жекпе-жегін жылдың ерекше сайысы деп атады. Еске салайық, бұған дейін Сергей Ковалев WBO нұсқасы бойынша да жыл боксшысы деп танылған. Ковалев кәсіпқой рингте 27 кездесу өткізіп, оның 26-да (23 нокаут) жеңіске жетті, тек біреуінде ғана «итжығыспен» аяқтады. Айта кету керек, Ковалев сондай-ақ BWAA бокс туралы жазатын журналистер қауымдастығы нұсқасының беделді таңдауы «Жыл боксшысы» атағына таласушылар қатарында. Жерлесіміз Геннадий Головкин Sports Illustrated -тің үздік боксшы атағына лайықтардың бірі деп танылды. Геннадий биыл Марко Антонио Рубио, Д. Гил, О.Адаманы жеңді. Енді Геннадий Головкин 2015 жылдың 21 ақпан күні Монакода британиялық Мартин Мюрреймен жекеп-жек өткізеді.
04:04, 24 Желтоқсан 2014
БОКС: Г.Головкин Sports Illustrated нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атағын ала алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин Sports Illustrated нұсқасы бойынша, 2014 жылдың «Жыл боксшысы» атағынан құр қалды, деп жазады sportnews.kz.